«Таза Қазақстан»: №1 Автобус паркінің 130 қызметкері сенбілікке шықты

03 октября 2026 г.Новости

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «№1 Автобус паркі» АҚ-ның 130 қызметкері сенбілікке шығып, елорда тазалығына өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында Ұлы Дала-Түркістан көшелері мен Ұлы Дала-Қабанбай батыр даңғылы аралығындағы аумақ абаттандырылып, қоқыстардан тазартылды.

Игі бастамаға желілік бақылау қызметінің мамандары, әкімшілік-шаруашылық және инженерлік-техникалық қызметкерлер, сондай-ақ автобус жүргізушілері қатысты. Таза әрі жайлы қала – ортақ жауапкершіліктің нәтижесі. Әрқайсымыз өз ауламыздан, өз жұмыс орнымыздан тазалыққа үлес қоссақ, елордамыздың көркі де арта түспек.