Жолаушыларға
Жоғалған заттар
Ұмытылған заттарды қайтару
Тасымалдау ережелері
Жолаушылар, багаж және құжаттар
Кесте және бағыттар
Қозғалыс сызбалары
FAQ
Жиі қойылатын сұрақтар
Бизнеске
Автобус жалдау
Іс-шараларға арналған көлік
Көліктегі жарнама
Автобустарда орналастыру
Серіктестік
Бірлескен жобалар
Компания туралы
Басшылық
Кәсіпорын командасы
Директорлар кеңесі
Корпоративтік басқару
Құрылым
Компания бөлімшелері
Комплаенс
Құжаттар және жедел желі
Серіктестер
Банктер, сервистер және жеткізушілер
Вакансиялар
Автобус паркіндегі жұмыс
Тарих
Парк дамуы
Жылжымалы құрам
Автобустар және жаңарту
Баспасөз
Жаңалықтар
Соңғы жарияланымдар
Хабарландырулар
Маңызды ақпарат
Медиа
Фото және материалдар
Байланыс
Байланыс
Қабылдау кестесі
+7 (7172) 54 16 26
КАЗ
РУС
Открыть меню
Меню
КАЗ
РУС
Жолаушыларға
Перейти в раздел
Жоғалған заттар
Тасымалдау ережелері
Кесте және бағыттар
FAQ
Бизнеске
Перейти в раздел
Автобус жалдау
Көліктегі жарнама
Серіктестік
Компания туралы
Перейти в раздел
Басшылық
Директорлар кеңесі
Құрылым
Комплаенс
Серіктестер
Вакансиялар
Тарих
Жылжымалы құрам
Баспасөз
Перейти в раздел
Жаңалықтар
Хабарландырулар
Медиа
Байланыс
Перейти в раздел
Байланыс
Қабылдау кестесі
←
Артқа
Пресс-служба
Новости и объявления
Последние публикации Автобусного парка №1.
Новости
Публикациялар
10 фото
23.10.2026
Новости
«№1 Автобус паркі» АҚ төл мерекесін тойлады
Республика күні және Автомобиль көлігі қызметкерлері күніне орай «№1 Автобус паркі» АҚ қызметкерлеріне арналған мерекелік концерт өтті.
Открыть
->
5 фото
17.10.2026
Новости
Автобус паркінде «Спартакиада–2026» спорттық ойындары өз мәресіне жетті!
2 қазанда бастап №1 Автобус паркінің қызметкерлері арасында өтіп жатқан «Спартакиада–2026» спорттық ойындары қорытындыланды. Биылғы спартакиада спорттың 10 түрінен өткізіліп, қатысушыларға өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, күш-жігері мен қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді. Автобус паркі қызметкерлері волейбол, шахмат, күш сынасу, дартс, гір көтеру, асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ және үстел теннисі, мини-футбол бойынша бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен тартысты ойындары үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Открыть
->
2 фото
16.10.2026
Новости
Басқарма басшысы 3-колонна жүргізушілерімен кездесті.
Басқарма басшысы Абат Шыныбеков 3-колонна жүргізушілерімен кездесті. Кездесу барысында жүргізушілерді толғандырған мәселелер, маршруттар бойынша, аялдамалардағы қауіпсіздік мәселелері, автобустарды қысқы маусымға дайындық, жол инфрақұрылымы мен жүргізушілердің еңбек жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Открыть
->
2 фото
15.10.2026
Новости
Қауіпсіздік пен жолаушыларға сапалы қызмет көрсету – басты міндет
«№1 Автобус паркі» АҚ басқарма төрағасы Абат Шыныбеков дәстүрге сәйкес, кәсіпорынның 2-колонна жүргізушілерімен кездесу өткізді.
Открыть
->
3 фото
14.10.2026
Новости
«№1 Автобус паркі» АҚ Басқарма басшысы Абат Шыныбеков №1 колонна жүргізушілерімен кездесті.
«№1 Автобус паркі» АҚ Басқарма басшысы Абат Шыныбеков №1 колонна жүргізушілерімен кездесті. Кездесу барысында автобус паркіндегі колонналардың 9 айдағы жұмыс қорытындысы талқыланды.
Открыть
->
3 фото
13.10.2026
Новости
Қызметкерлер денсаулығы – басты назарда
«№1 Автобус паркі» АҚ қызметкерлерінің денсаулығына әрдайым ерекше көңіл бөледі. Жүргізушілер ұзақ уақыт бойы рөлде отырып жұмыс істейтіндіктен, бүйрек аурулары болу қаупі бар.
Открыть
->
12.10.2026
Новости
Маршруттағы автобустар саны артты
Қоғамдық көлік қозғалысының жиілігі артады! Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «№1 Автобус паркі» АҚ қызмет көрсететін 11 маршрутқа қосымша 25 автобус шығарды.
Открыть
->
9 фото
03.10.2026
Новости
«Таза Қазақстан»: №1 Автобус паркінің 130 қызметкері сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «№1 Автобус паркі» АҚ-ның 130 қызметкері сенбілікке шығып, елорда тазалығына өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында Ұлы Дала-Түркістан көшелері мен Ұлы Дала-Қабанбай батыр даңғылы аралығындағы аумақ абаттандырылып, қоқыстардан тазартылды.
Открыть
->
2 фото
02.10.2026
Новости
Күзгі спартакиада ойындары басталды
«№1 Автобус паркі» АҚ-да «Автомобиль көлігі қызметкерлері» күніне орай күзгі спартакиада ойындары басталды. Бұл жолы автобус жүргізушілері мен кәсіпорынның өзге де мамандары рөлде емес, спорт алаңында бақ сынамақ. Сайыс 2–17 қазан аралығында спорттың 10 түрінен өтеді. Олар: мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, армрестлинг, гір көтеру, дартс.
Открыть
->
01.10.2026
Новости
Құрметті ардагерлер, қадірлі аға-апалар!
Құрметті ардагерлер, қадірлі аға-апалар! Сіздерді бүгінгі келіп жеткен мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! №1 Автобус паркінің тарихы – бұл тек автобустар мен маршруттардың тарихы емес. Бұл – осы кәсіпорында еңбек еткен мыңдаған адамның өмір жолы. Бүгінде кәсіпорын өткен ғасырдан бастау алған тарихын жалғастырып, 78 бағытта жолаушыларға қызмет көрсетіп келеміз. Күн сайын 800-ден аса автобус жолға шығып, мыңдаған қала тұрғыны діттеген жеріне жетеді. Осы жүйенің қалыптасуына сіздердің де өлшеусіз үлестеріңіз бар. Бүгінгі жетістіктерімізді өткеннің еңбегінен бөлек қарастыру мүмкін емес.
Открыть
->
13.09.2026
Новости
№1 Автобус паркінде Отбасы күніне арналған «Бір команда – бір бағыт» тимбилдингі өтті
Отбасы күніне орай №1 Автобус паркінде қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған «Бір команда – бір бағыт» атты тимбилдинг іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұжымдағы корпоративтік мәдениетті нығайту, қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты арттыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу. Тимбилдингке кәсіпорын қызметкерлерінен құралған 50 отбасы қатысып, балаларымен бірге жалпы саны 150-ге жуық адам қамтылды.
Открыть
->
2 фото
08.09.2026
Новости
Есірткіге қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша дәріс өтті
№1 Автобус паркінде қалалық полиция мен прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен ұжымға арналған профилактикалық кездесу өтті. Жиын есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға, есірткі айналымы қаупінен сақтануға және жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналды. Қоғамдық көлік жүргізушілері күн сайын елорданың түрлі аудандарында қызмет атқарып, көптеген жолаушымен байланыста болады. Қаланың тыныс-тіршілігін жақсы білетін жүргізушілердің қырағылығы мен жауапкершілігі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Открыть
->
10 фото
27.08.2026
Новости
Елорданың күретамыры: №1 Автобус паркінің тарихи жолы
«№1 Автобус паркі» АҚ – Астана қаласындағы ең көне әрі ірі жолаушылар тасымалдаушы кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның қалыптасу және даму тарихы елорданың қоғамдық көлік жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Шағын автопарктен басталған кәсіпорын бүгінде қаладағы қоғамдық көлік саласының көшбасшыларының біріне айналды. Қазіргі таңда кәсіпорын қалаішілік, қала маңындағы және экспресс бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырады. Барлығы 78 бағытқа қызмет көрсетіп, күн сайын 500 мыңға жуық, ал аптасына шамамен 3,5 миллион жолаушыны тасымалдайды. Сонымен қатар кәсіпорын автобустары халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараларға қызмет көрсетіп, еліміздің халықаралық беделін арттыруға өз үлесін қосып келеді.
Открыть
->
4 фото
21.08.2026
Новости
Білім күні қарсаңында №1 Автобус паркі қызметкерлерінің балаларына сыйлықтар табыстады
Алдағы Білім күні қарсаңында №1 автобус паркінің Профсоюз ұйымы кәсіпорында еңбек ететін 170 қызметкердің биыл 1-сыныпқа баратын балаларына қуаныш сыйлады. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерге оқу құрал-жабдықтары салынған жаңа мектеп сөмкелері тарту етілді. Дәстүрлі шараның биылғы ерекшелігі – әр балаға мектеп формасын сатып алуға арналған 30 мың теңгелік сертификаттың қоса табысталуы.
Открыть
->
10 фото
31.07.2026
Новости
"Әділет" партиясы өкілдері №1 Автобус паркінде
"Әділет" партиясы өкілдерінің №1 Автобус паркіндегі үгіт-насихат жұмыстарынан фото-репортаж.
Открыть
->
4 фото
03.07.2026
Новости
Қала күні қарсаңында №1 автобус паркінің қызметкерлері марапатталды
Қала күні қарсаңында №1 автобус паркі аумағында мерекелік іс-шара өтіп, ұжым қызметкерлері марапатталды. Басқарма басшысының құттықтау сөзімен басталған жиында мекеменің әлеуметтік бастамалары таныстырылып, қызметкерлердің еңбегі жоғары бағаланып, спартакиада жеңімпаздары анықталды.
Открыть
->
4 фото
15.06.2026
Жаңалық
Студенттер ақылы өндірістік практикадан өтуде
№1 Автобус паркі жоғары оқу орындарымен әріптестікті нығайтып, болашақ мамандарды тәжірибелік ортада даярлауға ерекше көңіл бөлуде.
Открыть
->
7 фото
28.05.2026
Жаңалықтар
№1 автобус паркінің қызметкерлері марапатталды
Өңірлік экологиялық саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін №1 автобус паркінің бірқатар қызметкері алғыс хатпен марапатталды.
Открыть
->
25.05.2026
Жаңалықтар
Астаналық мұғалім 13,5 тонна автобусты сүйреп, әлем рекордын жаңартты
Астанада 55 жастағы бастауыш сынып мұғалімі, әлем чемпионы Айгүл Ержанова салмағы 13,5 тонналық автобусты сүйреп, әлем рекордын жаңартты. Көпті таңғалдырған ерекше оқиға Астанадағы №1 автопаркте өткізілді. Іс-шараға БАҚ өкілдері мен автопарк қызметкерлері, Азия мен Африка бойынша GLOBAL BEST RECORDS (GBR) ұйымының бас тіркеу офицері Қуандық Құдайбергенов қатысты. Ол алдымен автобустың, таңдалған орынның талаптарға сай келетініне әбден көз жеткізіп, рәсімді өткізуге рұқсатын берді. Әлем чемпионы кезекті рекордын жаңартуға үлкен дайындықпен келген. Ауыр атлет автобусты сүйреуді сағат 09:49-да бастап, 09:50-да аяқтады, яғни небәрі 1 минутта 10 метрден аса қашықтықты бағындырды. Айгүл Ержанованың өзі жеңісі туралы: «— Бұл шешімге баруға өзімнің бапкерім Айбар інім мен оның досы Ержан екеуі себепші болды. Сонымен қатар, мектеп бітіретін түлектерді де ынталандырып, болашақ қадамдары сенімді болуы үшін бүгін алып автобусты сүйреуге бел будым. Себебі адам талпынса, арманы орындалады», — деді. GVR ұйымынан келген ресми өкіл Қуандық Шыңғысұлы Айгүл Ержановаға ұйымның алтын медалын табыстады. Ол өз сөзінде: – Әлемде рекорд жаңартуға арналған 4 үлкен кітап бар. Соның бірі Азия, Африка бойынша 89 мемлекеттің басын біріктіретін GBR (Global best of records). Бас штабы БАӘ-нің Шарж қаласында орналасқан. Рекордқа қойылған талаптар бойынша автобустың пинкодын, салмағын тексердік. Ең негізгі мақсат кемі 10 метрге сүйреу болатын. Бірақ артығымен 14 метрге дейін сүйреді. Негізі бұрын да әлемдік деңгейде рекордтар болған. Бірақ 50 жастан асқан азаматшалардың ауыр салмақтағы автобустарды тартуы дүниежүзілік рекордтар тарихындағы ең ірі 4 кітаптарында да (GBR, World Book of Records, Guinness World Records) болмаған. Сондықтан бүгін Айгүл ханым ерекше рекорд жасап отыр. Айгүл ханым былтыр күз айында 8 тонна пикап машинасын сүйреп, рекордтар кітабына енсе, енді араға жеті ай салып 2026 жылы, яғни бүгін осы дүниежүзінің рекордтық кітабына екінші рет енгелі отыр», — деп, ұйымның алтын медалын табыстады. Айта кетейік, балуан ұстаз қаладағы №50 мектепте сабақ береді, ол Президент Қ.Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» марапатын иеленген. Сондай-ақ спортқа аяқ басқан алғашқы 1,5 жылдың ішінде ауыр атлетикадан 45 медаль, 8 рекорд орнатып, ауыр жүк көліктерін сүйреп рекордтар кітабына енген. Іс-шара Айгүл Ержанованы қоғамға үлгі ету, насихаттау, спортты қолдау аясында «№1 Автобус паркі» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткізілді. Шараға келгендер арманға қол созу ешқашан кеш еместігіне, шектеудің тек мида екеніне тағы бір мәрте көз жеткізіп қайтты.
Открыть
->
8 фото
20.05.2026
Жаңалық
N1 автобус паркі жолаушыларға арналған ақпаратты жаңартады
Сайтта жолаушыларға арналған бөлімдер жаңартылады.
Открыть
->
8 фото
19.05.2026
Жаңалықтар
100 жолаушының 40-ы "қоян": Автобусқа мінген бойда төлем жасамағандар жазаланады
Астанада қоғамдық көліктердегі бақылау күшейді. Енді автобусқа мінген бойда жолақысын төлемеген жолаушыларға айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Открыть
->
2 фото
2026-10-19 T06:07:29.616Z
Новости
Басқарма төрағасы №4 колонна жүргізушілерімен кездесті
Басқарма төрағасы №4 колонна жүргізушілерімен кездесті
Открыть
->
10 фото
2026-10-23 T12:57:03.157Z
Новости
«№1 Автобус паркі»: Автомобиль көлігі қызметкерлері күніне орай бірқатар игі бастама жүзеге асырылды
Автомобиль көлігі қызметкерлері күні қарсаңында «№1 Автобус паркі» АҚ-да кәсіпорын тарихын ұлықтауға, еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетуге және қызметкерлерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар маңызды іс-шара өтті.
Открыть
->
3 фото
2026-10-14 T02:18:16.566Z
Новости
Қысқы маусымға дайындық қарқынды жүргізілуде
Бүгін «№1 Автобус паркі» АҚ Басқарма төрағасы Абат Шыныбеков Пушкин көшесі, 37/2 мекенжайында орналасқан автобаза аумағында қысқы маусымға дайындық жұмыстарын тексерді.
Открыть
->
↑