Қоғамдық көлік қозғалысының жиілігі артады! Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «№1 Автобус паркі» АҚ қызмет көрсететін 11 маршрутқа қосымша 25 автобус шығарды.
12 қазаннан бастап төмендегі маршруттарда автобус саны артты: Қалалық маршруттар: ▪️ №3 — 18-ден 20 автобусқа дейін ▪️ №4 — 16-дан 20 автобусқа дейін ▪️ №5 — 16-дан 20 автобусқа дейін ▪️ №35 — 16-дан 18 автобусқа дейін ▪️ №36 — 17-ден 18 автобусқа дейін ▪️ №63 — 22-ден 24 автобусқа дейін Экспресс маршруттар: ▪️ №502 — 12-ден 14 автобусқа дейін ▪️ №505 — 12-ден 14 автобусқа дейін ▪️ №506 — 10-нан 12 автобусқа дейін ▪️ №507 — 10-нан 12 автобусқа дейін ▪️ №508 — 10-нан 12 автобусқа дейін Автобустар санын арттыру жолаушылардың күту уақытын қысқартуға және қоғамдық көлік қызметінің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған. «№1 Автобус паркі» АҚ — жолаушыларға сапалы әрі қолайлы қызмет көрсету жолында!