Қызметкерлер денсаулығы – басты назарда

13 октября 2026 г.Новости

«№1 Автобус паркі» АҚ қызметкерлерінің денсаулығына әрдайым ерекше көңіл бөледі. Жүргізушілер ұзақ уақыт бойы рөлде отырып жұмыс істейтіндіктен, бүйрек аурулары болу қаупі бар.

Соның алдын алу және ерте кезеңде анықтау мақсатында тұрақты түрде скринингтік тексерулер жүргізіледі. Осыған сәйкес Астана қаласындағы University Medical Center-дің ғылыми тобы мекеме қызметкерлеріне арналған кезекті скрининг жұмыстарын өткізді.