Қысқы маусымға дайындық қарқынды жүргізілуде

2026-10-14 T02:18:16.566ZНовости

Бүгін «№1 Автобус паркі» АҚ Басқарма төрағасы Абат Шыныбеков Пушкин көшесі, 37/2 мекенжайында орналасқан автобаза аумағында қысқы маусымға дайындық жұмыстарын тексерді.

Қысқы дайындық жоспарына сәйкес, тамыз айынан бастап 1000-нан аса автобусты техникалық тексерістен өткізу көзделген. Бүгінгі таңда оның 460-ы толық тексеруден өтті. Күн сайын 10–13 автобус жөндеуден өткізіліп, осы мақсатта 20-25 жөндеуші маман жұмыс істеуде. Сонымен қатар 200 автобусқа жанар-жағармай шығынын есептейтін құрылғы орнатылды. Қалған автобустарды да осы құрылғымен жабдықтау жұмыстары жалғасуда. Айта кету керек, дәл қазіргі уақытта мұзға қарсы қолданылатын 2 тонна инертті материал дайын. Қысқы маусымда автобустардың қауіпсіз әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағытындағы шаралар жалғасады.