Басқарма төрағасы №4 колонна жүргізушілерімен кездесті

2026-10-19 T06:07:29.616ZНовости

Басқарма төрағасы №4 колонна жүргізушілерімен кездесті

Кездесу барысында бағыттардағы жұмыс барысы, жолаушылар қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелерін сақтау, қысқы маусымға дайындық және жүргізушілердің еңбек жағдайлары талқыланды. Абат Шыныбеков жүргізушілердің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыруда әр қызметкердің жауапкершілігі мен кәсібилігі маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бүгінде №4 колоннада 427 жүргізуші еңбек етіп, 224 автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді. Колонна ұжымы елордадағы қоғамдық көлік қозғалысының тұрақтылығы мен жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.