«№1 Автобус паркі» АҚ Басқарма басшысы Абат Шыныбеков №1 колонна жүргізушілерімен кездесті.

14 октября 2026 г.Новости

«№1 Автобус паркі» АҚ Басқарма басшысы Абат Шыныбеков №1 колонна жүргізушілерімен кездесті. Кездесу барысында автобус паркіндегі колонналардың 9 айдағы жұмыс қорытындысы талқыланды.

Жүргізушілер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жұмыс барысында туындайтын жекелеген мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар автобустардың аялдамаларға уақытылы келуі, рейс кезінде жол қозғалысы жағдайына байланысты айналма жолдарды пайдалану, қозғалыс кестесін сақтау, жолаушыларға сапалы қызмет көрсету және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.