Астана қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері №1 Автобус паркінде болды

03 сентября 2026 г.Новости

№1 Автобус паркіне Астана қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері келіп, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Кездесу барысында №1 Автобус паркінің Басқарма басшысы Абат Шыныбеков кәсіпорынның жұмысы мен алдағы жоспарымен бөлісті.

Сондай-ақ жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасын арттыру және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Қоғамдық кеңес мүшелері өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, қоғамдық көлік саласын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.